ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІҢІЗДІҢ АДЕНОМАСЫН емдеу жөніндегі шешіміңіз

REZUM әдісі 2015 жылдан бастап әлемдік тәжірибеге енгізілген және 55000-нан астам рет қолданылған.

+7 771 447-47-74

Rezūm™: қуықасты безінің аденомасын отасыз емдеу әдісі

Image

Rezūm — қуықасты безінің аденомасын емдеуге арналған су-бумен абляция жасау технологиясы, ол аурудан отасыз құтылудың тез әрі тиімді әдісі болып табылады. Емшара небары 10-15 минутқа созылады және анестезиямен жүргізіледі.

Rezūm™ әдісі қалай жұмыс істейді: зарарсыз бу қолданылады: зарасыз судан алынған бу пайдаланады.

Rezūm манипуляторы: дәрігер несеп жолы арқылы пішіні цистоскопқа ұқсас арнайы түтікті қуықасты безінің аймағына дейін енгізеді.

Бу жіберу: 9 секунд бойы бу түтік арқылы қуықасты безінің ұлпаларына енеді.

Ұлпаның редукциясы: жылу әсері несеп жолын қысатын және зәр шығаруды қиындататын шамадан тыс тіндерді бұзады.

Табиғи жолмен шығару: қуықасты безінің жойылған тіндері ағзадан табиғи жолмен шығарылады.

Әдістің артықшылықтары

Зәр шығаруды жеңілдету: емшарадан кейін 2-3 апта өткен соң, несеп жолына түсетін қысым азайып, зәр ағысын қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді. Ауру белгілері әр күн сайын азая береді.

Минималды жарақаттылық: емшара амбулаторлық жағдайда өткізіледі, кесу және ауруханаға жатуды қажет етпейді. Қуықасты безіне қол жеткізу несеп жолы арқылы жүзеге асырылады. Оңалу тез жүреді, бұл отадан қашқақтайтын науқастар үшін өте қолайлы.

Жыныстық қызметті сақтап қалу: Rezūm™ технологиясының арқасында еркектік қауқарды сақтап қалуға болады. Бұл әсіресе, хирургиялық жолмен қуықасты безін алып тастағаннан кейін ер адамдардың 80% қобу қиындықтарына тап болатындығын ескерсек, өте маңызды.

Rezūm аппаратында сулы буды қолдану арқылы қуықасты безінің аденомасын емдеу қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясына хирургиялық ем жасау әдістеріне балама болып табылатын минималды инвазиялық бірегей тәсіл болып табылады. Бұл әдіс, әсіресе, бұрын-соңды мұндай жұмсақ емдеу жолы ұсынылмаған науқастар үшін айрықша өзекті болып табылады.

Rezūm әдісін қолдануға негізгі көрсетімдер:

Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының бірқалыпты немесе айқын белгілері:

  • Жиі зәр шығару, әсіресе түнде (никтурия)
  • Зәр ағымының әлсіреуі немесе үзілуі
  • Зәр шығарудың басталуы кезіндегі қиындықтар
  • Қуықтың толық босамау сезімі
  • Шұғыл зәр шығару қажеттілігі, ұстап тұру қабілетсіздігі
  • Дәрілік терапияның жеткіліксіз тиімділігі: егер дәрілер тиісті нәтиже бермесе, осы емшара ұсынылады.
  • Түбегейлі емдеу әдістерінен қашатын науқастар: көпшілік қуықасты безін алып тастау, жалпы наркоз және отаға байланысты тәуекелдерден аулақ ұстануды қалайды. Мысалы, аз инвазивті ТУР әдісі қозу функциясының бұзылу қаупімен байланысты, оны науқастар болдырмауға тырысады.
  • Емшара құны

    2 300 000 тг
    • Ота жасау жағдайында жасалатын емшараны, бір рет қолданылатын REZUM шығын жиынтығын, анестезияны, барлық ілеспе шығындар мен дәрі-дәрмектерді, 1 тәулік бойы тамақтанумен стационарда жатуды қоса алғанда толық құны

    Rezūm су-бу абляциясы әдісі барлық науқастарға жарай бермейді.

    Іріктеудің негізгі талаптары:

    Қуық безінің өлшемі: қуықасты безінің көлемі 30-80 мл аралығындағы науқастарға арналған. Қуықасты безінің көлемі бұдан артық болған жағдайда, басқа емдеу жолдары қажет болуы мүмкін.

    Жалпы денсаулық жағдайы: созылмалы аурулардың асқынуынсыз науқастың тұрақты күйде болуы.

    Ілеспе аурулар: несеп жолдарының белсенді жұқпа ауруларының (мұндай жұқпалар емшараның жүргізілуіне дейін емделуі тиіс), сондай-ақ бүйрек жеткіліксіздігі немесе несеп-тас ауруы сияқты ауыр асқынулардың болмауы.

    Қуықасты безіндегі қатерлі ісіктің жоғына көз жеткізу: ПСА немесе биопсия тестінің нәтижелері қатерлі ісіктердің жоқтығын растаулары тиіс.

    Жыныстық қызметті сақтап қалу: Rezūm терапиясы бұл тұрғыда жұмсақ болып табылады. Хирургиялық әдістерге қарағанда, ол еркектік қауқарға айтарлықтай әсер етпейді. Бұл емшараның кері әсерін болдырмауға ұмтылатын ер адамдар үшін оңтайлы таңдау болып табылады. Мысалы, қуықасты безін алып тастағаннан кейін науқастардың 80% еркектік қауқары бұзылады.

    Rezūm әдісі қуықасты безінің аденомасын емдеудің жеңіл әрі қауіпсіз баламасын іздейтін науқастар үшін заманауи және тиімді шешімді ұсынады.

    Rezūm терапиясы хирургиялық араласу қажеттілігінсіз зәр шығаруды жақсарту тәсілін ұсынады. Егер сізді түнгі уақытта дәретханаға бару мазаласа, несеп ағыны әлсіз немесе кенеттен зәр шығару қажеттілігі туындайтын болса, дәрілердің жағымсыз әсерлері жайсыздық тудырса, бұл шешім сіз үшін тиімді болуы мүмкін. Ол мәселенің негізгі себебін жойып, ұзақ уақыт бойы жеңілдік сезімін қамтамасыз етеді.

    Rezūm әдісі қуықасты безінің мөлшерін азайтып, қалыпты несеп ағынын қалпына келтіріп, ұлғайған қуықасты безіне әсер етеді. Емшара минималды инвазиялық тәсілмен дәрігердің емдеу кабинетінде жүргізіледі және қуықасты безінің тіндерін азайтуға көмектесетін сулы бу қуатын пайдалануға негізделген. Ол кесу немесе жалпы анестезия қолдануды қажет етпейді, ал науқастар өздерінің жыныстық қабілеттерін сақтай отырып, үйреншікті өмір салтына тез арада қайтып оралады.

    Емшара бір рет жасалады және небары бірнеше минутты қажет етеді. Сулы бу қуықасты безінің ауру бөліктеріне тікелей бағытталады, мұның арқасында оның мөлшері азайып, ауру белгілері басылады. Әдетте, емшара әсері бірнеше аптадан кейін байқалады.

    Rezūm™ әдісінің артықшылықтары

    • Емшараның бір рет жасалуы

    • Дәрі қабылдау және олардың кері әсерімен күресу қажетсіздігі

    • Емшараның жүргізілуінен кейін 2 аптадан соң ауру белгілерінің жақсаруы

    • Пенильді имплантаттарды орнатусыз өмір сапасының ұзақ уақытқа жақсаруы

    • Жалпы наркоз салу қажетсіздігі

    • Үйреншікті өмір салтына жылдам оралу мүмкіндігімен тез арада қалыпқа келу

    • Қобу мен шәуеттің шығуын қоса алғанда, жыныстық қызметтің сақталуы

    • Кері әсер туындауының төмен ықтималдылығы

    • FDA мақұлданған, Американдық урология бірлестігімен кеңес берілген және Қазақстанда сертификатталған

    Rezūm емшарасының жүргізілуіне дайындық сәтті өтуі үшін талаптармен алдын ала танысу өте маңызды. Негізгі қадамдар мен кеңестер келесідей:

    1. Емшараның жасалуынан бірнеше күн бұрын антикоагулянттарды қабылдауды тоқтатыңыз (тек қана дәрігермен келісушілік бойынша).
    2. Маманның қатаң тағайындауына сәйкес альфа-адреноблокаторларды қабылдаңыз.
    3. Емшарадан 8-10 сағат бұрын тамақтанудан, ал 2-3 сағат бұрын кез келген сұйықтық ішуден бас тартыңыз.
    4. Емшараға алу қажет заттар: отадан кейін киілетін компрессиялық шұлықтар, құжаттарыңыз (төлқұжат), төменде тізімі берілен талдау нәтижелеріңіз.

      Бізде 24 сағатқа дейін стационарда қысқамерзімдік жату қарастырылған (емшара құнына кіреді).

    Rezūm™ әдісінің тиімділігі

    Rezūm™ — алғаш рет қуықасты безінің мөлшерін хирургиялық отасыз азайтуға мүмкіндік берген инновациялық терапия. Әдістің тиімділігі 5 жылдық клиникалық зерттеулермен расталған.

    Зерттеу нәтижелері науқастардың небары 4% осы кезең ішінде қайта ота жасауды талап еткендерін көрсетіп отыр. Ер адамдардың 96% үшін емшара жоғары тиімділігін көрсетті. Көпшілігінде қуықасты безінің мөлшерінің айтарлықтай қысқаруы, ауру белгілерінің жоғалуы, ары қарайғы емдеусіз қалыпты зәр шығарудың қалпына келгені байқалды.

    Бұл әдістің толық мұқұлданып, сертификатталғанына қарамастан, клиникалық зерттеулер жалғасуда. Алайда енді 5 жыл бойы сақталатын нәтиженің ұзақмерзімділігі туралы толық сеніммен айтуға болады.

    Технология урология, онкология, нейрохирургия, жүрек-қантамыр хирургиясын қоса алғанда әртүрлі салаларға арналған медициналық жабдықтар мен шығын материалдарын өндіруші - американдық Boston Scientific Corporation компаниясымен әзірленген.

    Әрекет ету механизмі: бу қалайша қуықасты безін азайтады

    Сулы бу қуықасты безінің тініне тез еніп, оның құрылымын өзгеріп, жылу қуатының есебінен әрекет етеді.

    Бұл әсер құрылымы мен ақуыз құрамының өзгеруі салдарынан жасуша жарғақтарын бұзады, тіндердің өлі еттенуін тудырады, шамадан тыс артық жасушаларды жояды.

    Аденома жасушаларының жойылуы

    Жіңішке ине арқылы бу тек қана аденома бөліктеріне жіберіледі. Зақымдалған жасушалар бұзылып, кейіннен ағза оларды біртіндеп бірнеше ай бойы табиғи жолмен шығарады. Бұл қуықасты безінің жалпы көлемінің азаюына алып келеді.

    Зәр шығару қызметінің қалпына келуі

    Артық тіннің шығарылуымен несеп жолы кеңейеді, несеп шығару жолына түсетін қысым азаяды, бұл науқасқа қалыпты зәр шығару мүмкіндігін қайтарады. Зәр шығарғысы келу жиілігі айтарлықтай азаяды, несеп ағыны күшейеді, түнгі оянулар жоғалады (ноктурия).

    Rezūm™ терапиясының кемшіліктері
    Емшара тәуекелі төмен болып саналғанымен, бірқатар шектеулері де бар:

    1. Мөлшері орташа қуықасты бездері үшін: ең жақсы нәтиже қуықасты безінің мөлшері 30-80 мл аралығындағы науқастарда байқалған.
    2. Ауру белгілерінің қысқауақыттық нашарлауы: терапиядан кейін алғашқы күндері зәр шығару белгілерінің асқынуы мүмкін (ашу, жайсыздық немесе жиі барғысы келу), бұл несеп жолының хирургиялық отаға жауапты әрекеті.
    3. Уақытша катетер: бірқатар жағдайларда емшарадан кейін уақытша катетер орнатылуы мүмкін, бұл жайсыздық сыйлауы мүмкін.
    4. Ауыру және жайсыздық: ер адамның бұтында немесе зәр шығару кезінде қысқауақыттық ауырсынуды сезіну; әдетте, бірнеше күннен кейін басылады.
    5. Гематурия: несепте қанның болуы мүмкін, әдетте бұл бірнеше күнде өздігінен жоғалады.

    Клиникалық зерттеулер Rezūm көмегімен жасалатын терапияның ауру белгілерін қауіпсіз/ тиімді жоятынын көрсетіп отыр

    REZŪM ЕМШАРАСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЫНАЛАРДЫ ҚАМТИДЫ

    Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеу үшін дәрілік препараттар енді қажет емес, жағымсыз әсері жоқ

    Науқастардың көпшілігінде ауру белгілері екі апта ішінде басылады

    Науқастарға бірнеше күш ішінде қалыпты өмірге қайтып оралуға мүмкіндік береді

    Жыныстық қызметті сақтап қалады

    Сертификаттар

    Image